Эксклюзивті мазмұн:

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС салу: сарапшылар пікірі

Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі...

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады....

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының ұзақтығы мен демалыс уақытын анықтайтын бұйрықты жариялады

Бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі...

Б.Назарбаев пен Қ.Шәріпбаевқа қатысы бар заңсыз майнинг фермалары жұмысын тоқтатты

Болат Назарбаев пен Қайрат Шәріпбаевқа қарасты майнинг фермалары Қазақстандағы қызметін тоқтатты, – деп хабарлайды Qazaq.Today тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, елімізде 55 майнинг фермалары өз еркімен жұмысын тоқтатқан.

Агенттік хабарына қарағанда, заңсыз майнинг ферма құрғандар арасында белгілі бизнесмендер мен бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктердің аты-жөні бар. Павлодар облысында Болат Назарбаев пен Александр Клебановқа (парламент мәжілісінің үш шақырылымына депутат болған Дарья Клебанованың күйеуі – ред.), Ақтөбе облысында Қайрат Шәріпбаевқа, Қарағанды облысында Ерлан Нығматулинге (парламент мәжілісінің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің бауыры – ред.) қатысы бар заңсыз майнинг фермалар анықталған.

– Тексеріс барысында 55 майнинг ферма жұмысын өз еркімен толық тоқтатып, құрал-жабдықтарын алып тастады. Оның қайтадан іске қосуға жол берілмейді. 51 компания заңсыз жұмыс істеген. Олар электр қуатына заңсыз қосылған, арнайы экономикалық аймақтарға заңсыз орналасқан және салық пен кеден алымынан жалтарған. Олардың бәрі электр қуатынан ажыратылды,- дейді Қаржы мониторингі агенттігі.

Агенттік мәліметінше, Қарағанды облысындағы майнинг компания «Сарыарқа» арнаулы экономикалық аймағына орналасқан. Павлодар облысында жылыжаймен айналысатын екі компания өзіне тиесілі электр қуатын үшінші тұлғаға лицензиясыз сатқан.

«Заңсыз майнинг фермалардың біріне Forbes.kz тізімі бойынша Қазақстанда байлығы жөнінен 17-орында тұрған Қайрат Итемгеновтің қатысы бар. Ішкі істер министрлігі департаментінің бұрынғы төрағасы Тілеген Маткеновпен байланысы бар компаниялар да заңсыз майнингпен шұғылданған»,- дейді Қаржы монитоингі агенттігі.

Агенттік мәліметіне қарағанда, майнинг құрал-жабдықтары Оңтүстік Корея, Түркия, Грузия, Сингапур, Қытайдан әкелінген. Кейбірі контрабандамен жеткізілген. Алматыдағы майнинг фермаларға 2,8 миллиард теңге тұратын мыңнан астам майнинг жабдығы Қытайдан заңсыз жолмен кіргізілген.

Агенттік мәліметінше, осы істерге байланысты 25 қылмыстық іс қозғалып, құны 100 миллиард теңгеден асатын құрал-жабдық тәркіленген. Заңсыз майнингпен айналысатын фермаларды тексеру нәтижесінде Қазақстан тәулік бойы тұтынатын элект қуаты сағатына 600 Мегаваттқа түскен.

Қазақстанда кейінгі кездері электр қуатының тапшылығы туралы жиі сөз бола бастаған еді. Осыған байланысты атом электр станциясын салу жөнінде бастамалар көтерілген.

Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздік кеңесінің өмір бойғы төрағасы құқығынан айырылған соң жақын туыстары ірі қызметтерден шеттетілген.

Соңғы

135 млрд теңге: ҰҚК қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырудың жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылғы шілде айында кәсіпкерлік субьектілеріне...

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС салу: сарапшылар пікірі

Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі...

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады....

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының ұзақтығы мен демалыс уақытын анықтайтын бұйрықты жариялады

Бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

135 млрд теңге: ҰҚК қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырудың жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылғы шілде айында кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 млрд теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ...

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС салу: сарапшылар пікірі

Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі Кеңесте президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін және ол...

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады. Бұл лауазымға Асламбек Мерғалиевтің кандидатурасын Мемлекет басшысы ұсынды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Асламбек Мерғалиев 1972...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here