Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің төртінші туры басталады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Аталған турнирде биыл алғаш рет 36 команда бақ сынап жатыр. Дүбірлі доп додасында командалар жаңадан әзірленген нұсқа бойынша сайысқа түседі.
Алдымен 22.35-те Нидерландтың ПСВ командасы өз алаңында Испанияның «Жирона» клубымен шеберлік байқасады. Артынша 00:50-де «Ливерпуль» (Англия) мен «Байер» (Германия) жасыл алаңға шығады. Аталған ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Ал 00:50-де басталатын «Реал Мадрид» (Испания) пен «Милан» (Италия) кездесуін тікелей эфирде «Qazaqstan» теларнасынан тамашалауға болады.
Екінші турдың алғашқы ойын күні, 5 қарашада олардан басқа «Слован Братислава» (Словакия) мен «Динамо Загреб» (Хорватия), «Селтик» (Шотландия) пен «Лейпциг» (Германия), «Спортинг Лиссабон» (Португалия) мен «Манчестер Сити» (Англия), «Болонья» (Италия) мен «Монако» (Франция), «Боруссия Дортмунд» (Германия) пен «Штурм» (Австрия), «Лилль» (Франция) мен «Ювентус» (Италия) ойнайды.
Ал екінші ойын күні, 6 қарашада 22.35-те «Шахтёр Донецк» (Украина) пен «Янг Бойз» (Швейцария), 00:50-де «Интер» (Италия) мен «Арсенал» (Англия) кездеседі. Аталған екі кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Сондай-ақ ПСЖ (Франция) мен «Атлетико Мадрид» (Испания) ойынын 00:50-де тікелей эфирде «Qazaqstan» телернасынан көруге болады
Сондай-ақ бұл күні «Брюгге» (Бельгия) мен «Астон Вилла» (Англия), «Спарта Прага» (Чехия) мен «Брест» (Франция), «Бавария» (Германия) мен «Бенфика» (Португалия), «Фейеноорд» (Нидерланд) пен «Ред булл Зальцбург» (Австрия), «Црвена Звезда» (Сербия) мен «Барселона» (Испания), «Штутарт» (Германия) пен «Аталанта» (Италия) ойнайды.
Фото: pressball.by