«Қазгидромет» синоптиктері 21 ақпан, жұма күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.
Атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның солтүстігінде, батысында және солтүстік-батысында қар жауады, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, тек шығыста, Қазақстанның орталығында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша тұман күтіледі, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады, батыста, оңтүстік-батыста және солтүстікте қар жауып, жел күшейеді.