Бүгін, 6 желтоқсанда Таиландтың Чангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында ширек финалдық айқастар өтеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Рингке Қазақстан атынан бес боксшы сынға түседі. Жекпе-жектерді Азия бокс конфедерациясының You-Tube арнасынан тамашалай аласыз. Басталуы 12:00.
Жарыс кестесі мынадай:
№4. Санжар Тәшкенбай — Мехрон Шафиев (Тәжікстан) — 48 кг;
№ 5. Сәкен Бибосынов — Асилбек Жалилов (Өзбекстан) — 51 кг;
№9. Махмұт Сабырхан — Джаянатх Кумар (Шри-Ланка) — 54 кг;
№15. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы — Сомчай Вонгсуван (Таиланд) — 63,5 кг;
№18. Сағындық Тоғамбай — Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан) — 92 кг.
Кеше 60 келіде өнер көрсететін Бейбарыс Жексен жарыстан шығып қалды, ол тәжікстандық Акмаль Убайдовқа есе жіберді, ал жалпы Қазақстан құрамасынан әзірге үш боксшы осы турнирде жүлдесіз қалды.