Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия ойындарының ширек финалында ірі жеңіске жетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Харбинде (Қытай) өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Гонконг командасын ірі есеппен жеңді. Есеп – 24:0.
Ұлттық құрама осы жеңісі арқылы Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды. Бұл кезеңнің матчтары 13 ақпанда өтеді.