Азия чемпионатында Қазақстан құрамасына алғашқы алтын түсті

Фото: optimism.kz

Қазақстан құрамасы қоржынына Азия чемпионатының алғашқы алтын жүлдесі түсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева топ жарды.

Қазақстандық боксшы финалға дейінгі екі қарсыласын да техникалық нокаутпен жеңіп шыққан болатын.

Виктория Графеева боксқа 17 жасында келген. Оған дейін жеңіл атлетикамен айналысқан.