Азия чемпионаты: Бейбарыс Жексен жеңіліп қалды

Қазақстан ерлер құрамасы сапынан бір боксшы Азия чемпионатын ерте аяқтады. 60 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Жексен жартылай финалға шыға алмады, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Бейбарыс ширек финалдағы жекпе-жекте тәжік боксшысы Акмаль Убайдовқа есе жіберді.

Акмаль 2021 жылдан бері кәсіпқой бокста бақ сынап жүр. 5 жекпе-жек өткізіп, барлығында уақытынан бұрын жеңіске жеткен.

Бейбарыс бірінші жекпе-жегінде өзбек Дильшод Абдумуродовты жеңген болатын.

Фото: ДРС