Фото: Canva.kz
Azerbaijan airlines әуе компаниясы ұшақ апатының нақты себебі анықталғанша Махачкала, Грозный бағытындағы рейстерді тоқтатты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Хабар24-ке сілтеме жасап.
Атап айтқанда Баку-Грозный және Баку-Махачкала-Бакуге әзірге ұшақ ұшпайды.
Компания өкілдері Ақтау маңыңда апатқа ұшыраған лайнер соңғы рет қазанда техникалық тексеруден өткенін мәлімдеді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше сағат 11:10-да Ақтау қаласының маңында «Баку-Грозный» бағытындағы ұшақ апатқа ұшыраған еді. Апатқа ұшыраған ұшақта 6 қазақстандық болған.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік комиссия құрылды.