Тергеу нұсқасы бойынша, қаскүнемдер жеке және заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке иелік ету тарихын өзгерту арқылы «жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесінде заңсыз модификациялау бойынша жұмыстар жүргізген.
Қылмыстық кодекстің 206-бабының 2-бөлігі (ақпаратты сыйымсыз жою немесе түрлендіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Еске салайық, 10 наурызда ҚМА қызметкерлері корпорацияның экс-басшысы Әбділдиннің,оның орынбасарлары мен аппарат басшысының кабинеттерінде тінту жүргізді. Олардан жұмыс компьютерлері тәркіленді. ҚК-нің 189-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалғаны хабарланды.
Соған қарамастан цифрлық даму министрі Бағдат Мусин «Азаматтарға арналған үкімет» басшысы қызметінде қалатынын мәлімдеген. Алайда жуырда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жаңа басшытағайындалды.
Дереккөз: ulysmedia.kz