Қазақстандық саясаттанушының халықаралық деңгейдегі жетістігі
АҚШ Мемлекеттік департаментінің TechWomen бағдарламасының түлегі, танымал қазақстандық саясаттанушы Дина Шайхислам АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың инаугурациясына қатысуға ресми шақырту алды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today.
«Бүгін мен президент Трамп пен вице-президент Вэнстің инаугурациясына ресми шақыру алдым,» – деп жазды Дина әлеуметтік желідегі парақшасында, шақыру қағазын көрсеткен суретпен бөлісіп.
Дина Шайхислам кім?
Дина Шайхислам – әлемдік деңгейдегі жетекші саяси стратегтердің бірі. Ол:
- Халықаралық сайлау науқандарын ұйымдастыруға көмек береді.
- Жетекші компанияларға әлемдік нарықтарға шығу стратегияларын әзірлеу бойынша кеңесші ретінде қызмет атқарады.
- Назарбаев Университетінің үздік түлектерінің бірі және балаларды дамытуға арналған CDF қоғамдық қорының негізін қалаушы.
Дональд Трамп инаугурациясын қалай өткізеді?
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп инаугурациясын Капитолий ғимаратында өткізуге шешім қабылдаған. Ол бұл шешімді Вашингтондағы ауа райының қолайсыздығымен түсіндіріп, жақтастарының суықтап қалуын қаламайтынын атап өтті.