Аймақтық Төтенше жағдайлар басқармасы (ТЖБ) баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Ферғана қаласындағы Ахмед Яссауи көшесінде орналасқан жанармай құю бекетінде болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
ТЖБ мәліметінше, жарылыс сағат 13:43-те сұйытылған газды шығару кезінде болған. Оқиғаға технологиялық процесс пен қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп болған.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 13:47-де жетіп, 14:02-де өртті ауыздықтап, 14:12-де толығымен сөндірді.
Оқиға орнында ТЖБ жеке құрамы, хокимият өкілдері, сондай-ақ тиісті министрліктер мен ведомство басшыларының қатысуымен өрт салдарын жою жұмыстары жедел ұйымдастырылды.