2025 жылғы 22 маусымда Астанадан 13 шақырым жердегі Жоламан аэродромы маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады.
Министрлік таратқан алдын ала ақпаратқа сәйкес, сағат 11:30 шамасында оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында TL-2000 маркалы жеңіл әуе көлігі апатқа ұшыраған. Ұшақ жеке тұлғаға тиесілі болған.
Бортта болған екі экипаж мүшесі оқиға орнында көз жұмған.
Қазір апаттың себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, Көлік министрлігінің көліктегі оқыс оқиғалар мен апаттарды тергеу департаменті оқиға орнына аттанды.
Жоламан аэродромы Ақмола облысының Шортанды ауданында, Астана қаласынан шамамен 13 шақырым жерде орналасқан.