Таразда өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде ол Чилиден келген қарсыласы Даниэла Асенхоны (17 жеңіс, 5 жеңіліс, 3 тең ойын, 2 нокаут) жеңді.
Ангелина Лукас IBO нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақтағы (52,1 кг) әлем чемпионы атағын сәтті қорғап қалды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
Таразда өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде ол Чилиден келген қарсыласы Даниэла Асенхоны (17 жеңіс, 5 жеңіліс, 3 тең ойын, 2 нокаут) жеңді. Асенхоның бапкерлік тобы алтыншы раундтан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Бұл кездесу Лукас үшін өткен жылдың қазан айындағы жеңілістің есесін қайтару болды — сол кезде Ыстамбұлда төрешілердің ортақ шешімімен Асенхо жеңіске жеткен еді.
Асенхо бұл жолы карьерасындағы бесінші жеңіліске ұшырады және алғаш рет кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды. Ал Лукас үшін бұл — 15-ші жеңіс (оның 8-і нокаутпен), бір ғана жеңіліс бар.
28 жастағы Лукас IBO белбеуін алғаш рет 2024 жылдың қазан айында Бангкокта жеңіп алған болатын. Кейінгі үш жекпе-жекте ол бұл атақты қорғауға шықпаған еді.