Фото: canva.com
1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның ішкі және сыртқы қарызының көлемі жыл басымен салыстырғанда 6,5 %-ға артып, 63,7 миллиард долларға жетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Raking.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет ішіндегі қарыздың:
- 94,4%-ы немесе 60,1 млрд доллары Үкіметке;
- 4% немесе 2,5 млрд доллар, жергілікті атқарушы органдарға (әкімдіктерге);
- 1,6% немесе 1 млрд доллардан астамы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне тиесілі.
Қазақстанның ішкі қарыз есепті күнге 45 млрд долларға тең болып, жыл басынан бері 14,7%-ға өсті. Сонымен қатар, сыртқы қарыз жыл басынан бері 3,3%-ға төмендеп, 15,1 млрд доллар болды.
Мемлекеттің ішкі қарызы мыналардан тұрады:
- TONIA мөлшерлемесі бойынша индекстелген мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер – $2 млрд;
- Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер – $1,8 млрд;
- Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер – $4,7 млрд;
- Мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақ қазынашылық міндеттемелері – $1,4 млрд;
- Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер – $35,1 млрд;
Басқа міндеттемелер – 5 млн доллар.
Мемлекеттің сыртқы қарызы халықаралық қаржы институттарының несиелері мен бағалы қағаздардан тұрады. Қазақстан Үкіметі мына қаржы институттарына қарыз:
- Халықаралық қайта құру және даму банкі – $3,3 млрд;
- Азия даму банкі – $1,4 млрд; Еуропалық қайта құру және даму банкі – $82,4 млн;
- Ислам даму банкі – $60,2 млн;
- Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкі – $633,3 млн;
- Араб экономикалық дамуының Кувейт қоры – $362 мың;
- Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігі – $184 млн;
- Германияның үкіметтік несие агенттігі – $6 млн;
- Қытай Халық Республикасының Экспорт-импорт банкі – $195,1 млн;
- Шетелдік коммерциялық банктер – $200 млн.
Ал бағалы қағаздарға мыналар жатады:
- Еурооблигациялар – $8,4 млрд;
- Ресей нарығында орналастырылған мемлекеттік бағалы қағаздар – $646 млн доллар.
Бұдан бөлек, мемлекет кепілдік берген қарыз да бар. Ол да жыл басынан бері 7,2%-ға өсіп, 3,4 миллиард долларға жетті. Осылайша, 1 қазанға дейін мемлекеттік және үкімет кепілдік берген қарыз 67 миллиард доллардан асты.