Қазақстанның басым бөлігінде алдағы екі күн бойы күн суытады

26 және 27 қазанда еліміздің басым бөлігінде күн суытып жауын-шашын жауады. Синоптиктердің болжамынша, солтүстік және шығыс өңірлерде қар жауып, жел күшейеді. Ал оңтүстік және батыс аймақтарда жаңбыр жауып, тұман түседі.

Фото: 123RF/leszekglasner

Қазгидрометтің дерегіне сенсек, Ұлытау облысының шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Дәл мұндай жағдай Қостанайдың солтүстігінде, Ақтөбе, Атырау облысында және ел астанасында да қайтаналады.

Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан күші 15-20 м/с жел соғады. Ал Алматы облысының батысында, шығысында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Сонымен қатар Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай соғады. Шымкентте де нөсер жауын жауғалы тұр.

Әсіресе Батыс және солтүстік өңірлерде тұман басып, көктайғақ болады. Маңғыстау облысында жаңбыр жауып, солтүстік-шығысында тұман басады. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында да дәл осы ауа райы.

26-27 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман басады.  26-27 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 26 қазанда таңертен және күндіз екпіні 23-28 м/с жел соғады. Таразда да екі күн бойы таңертең тұман түсіп, күндіз қатты жел соғады.

 

Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет еліміз бойынша 22-24 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжам бойынша еліміздің басым бөлігінде жауын шашын болатынын жаздық. Әсіресе жаңбыр, қар, көктайғақ құбылыстары болады. Батыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр, жекелеген облыстарда күндіз найзағай болады деп болжанып отыр.

56