Қазақстандық қос балуан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

Тиранада (Албания) жастар арасында әйелдер күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Лаура Ғаниқызы мен Алина Ертөстік қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде Лаура Ғаниқызы (50 кг) тартысты бәсекеде словакиялық Кристина Басичті тізе бүктірді.

Ал Алина Ертөстік (76 кг) Еуропа чемпионы, украиналық балуан Мария Орлевичті жеңді.

Қос балуан енді қола жүлдеге таласады. Лаураның қарсыласы – жапониялық Уми Ито. Алина тағы бір жапон қызы Нодока Ямамотомен белдеседі.

Фото: qaz_team_official

71