Жуырда әлеуметтік желілерде Қазақстандық орыстардың елдің мемлекеттік әнұранын орындаған ерекше видеосы кеңінен таралды. Бұл оқиға барда Ресейден келген орыстар мен Қазақстандық орыстар арасында орын алған түсініспеушіліктен кейін болған. Қазақстандық орыстар әнұранды шын жүректен орындап, көпшіліктің жүрегін елжіретті.
View this post on Instagram
Қазақстандық орыстардың әрекеті көпшілікке үлгі болды
Қазақстандық орыстардың бұл әрекеті патриотизмнің жарқын үлгісі ретінде қабылданды. Олар әнұранды толық білмесе де, бірге қосылып орындаған ниеті мен ынтасы өзгелерді тәнті етті. Әлеуметтік желі қолданушылары видеоны тамашалай отырып, өз әсерлерімен бөлісті. Кейбіреулер көзіне жас алғанын да жасырмады. Бұл әрекет ел азаматтарының бірлігі мен достығын бейнелегендей болды.