Қазақстандық могулшы Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде алды

Фото: olympic.kz

Фристайл-могулдан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Павел Колмаков Дир-Вэллиде (АҚШ) өткен Әлем кубогының кезеңінде екінші орынға ие болды, — деп хабарлайды ҚР ҰОК-не сілтеме жасап Qazaq Today ақпарат порталы.

Спортшы жекелей могулда жоғары нәтиже көрсетіп, финалда 84,95 ұпай жинап, күміс медальмен жарысты аяқтады.

Алтын медаль жапониялық Икума Хоришимаға бұйырды — 86,24 ұпай. Үшінші орынды француз Бенджамин Каве 83,82 ұпаймен иеленді.