Қазақстандық әйел танымал америкалық актер Жан-Клод Ван Даммен дос болып, араласып жүр (ВИДЕО))

Фото: видеодан алынған кадр

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны әрі TikTok қолданушысы Жан-Клод Ван Даммен дос болып жүр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Евразия арнасына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстандық Елена Басырева TikTok платформасында күнделікті жасайтын тіршілігін видеоға түсіріп, жариялайды. 44 жастағы ауыл тұрғынының TikTok желісінде 150 мыңнан аса жазылушысы бар. Тіпті видеоларын миллиондаған желі қолданушылары көреді. Олардың арасында атақты Жан-Клод Ван Дамм да бар. Актер оған хабарлама жазып, стримге (тікелей эфир) шақырған кезде әйел эфир барысын скриншотқа түсіріп үлгерген екен. Содан бері америкалық актер екеуі желіде дос.

«TikTok-қа кіріп, әртүрлі тақырыпта сөйлестік. Ағылшын тілін жақсы білмеймін. Сол себепті онымен үш рет қана стримге шықтым”, – деді әйел.

Елена Басырева аяқ-қолы кішкентай күйде дүниеге келген екен.

“Бұл маған ешқашан кедергі болған емес. Жұмысыма барып келемін. Үйдің тірлігін де жасаймын. Армрестлинг және орлифтинг сынды спорт түрлерімен айналысамын. Қолқанатым екі ұлым бар. Өмір бізге қиналып, жылау  үшін берілмеген. Әрине әркімде әртүрлі тағдыр. Дегенмен қандай жағдай болса да қуанып, күліп жүрген жөн. Себебі, өмір қысқа», – дейді Елена.

2023 жылы Елена мемлекеттік грант ұтып алып, кәсіппен айналыса бастапты. Жылыжайда көкөністің түр түрін өсіреді. Ол бүкіл ауылды экологиялық таза өніммен қамтамасыз етіп отыр.

61