Қазақстандық футболшы Ресейде үшінші ойын қатарынан гол соқты (ВИДЕО)

Фото: Казахстанская Федерация Футбола (КФФ)

Грозныйдың «Ахмат» футбол клубында ойнайтын қазақстандық шабуылшы Максим Самородов үшінші ойын қатарынан мергендігімен көзге түсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы msports.kz сайтына сілтеме жасап.

Футболшы кеше Мәскеудің «Динамо» командасына қарсы ойында есеп ашып, командасын алға шығарды. Алайда матч аяқталар тұста қонақтар бір гол соғып, есепті теңестіріп кетті. Осылайша, екі команда бір-бір ұпайдан еншіледі.