Қазақстандағы 2025 жылығы мереке және демалыс күндері

2025 жылы Қазақстан халқы үшін жалпы 119 демалыс күні қарастырылған, бұл күндерге мерекелік және сенбі-жексенбі күндері кіреді, деп хабарлайды Qazaq.today.

Қаңтар: 11 демалыс күні

Жылдың алғашқы айы қазақстандықтар үшін 11 демалыс күнінен тұрады, оған мереке күндері мен демалыс күндері кіреді.

Ақпан, сәуір және қараша: Тек сенбі-жексенбі

Бұл айларда қосымша мерекелер жоқ, демалыс күндері тек сенбі және жексенбімен шектеледі. Әр айда 8 күн демалыс қарастырылған.

Наурыз: 14 демалыс күні

Көктемнің алғашқы айында қазақстандықтар үшін демалыс күндері көбейеді. Бұл айда 14 күн демалыс жоспарланған.

Мамыр: Үш мерекелік күн

  • 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні (бейсенбі);
  • 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні (сәрсенбі);
  • 9 мамыр – Жеңіс күні (жұма).

Бес күндік жұмыс кестесімен жұмыс істейтіндер қатарынан үш күндік демалыстарға шығады.

Маусым: Құрбан айт

6 маусым – Құрбан айт (жұма) күнін қоса есептегенде, Қазақстан халқы қатарынан үш күн демалады.

Шілде: Астана күні

Астана күні (6 шілде) жексенбіге сәйкес келгендіктен, келесі дүйсенбі демалыс күні болып жарияланады.

Тамыз: Конституция күні

Тамыз айында Конституция күні мерекесі дүйсенбіге ауыстырылып, 1 қыркүйек демалыс күні болып белгіленген.

Қазан: Республика күні

Қазандағы демалыс күндері Республика күнімен сәйкес келеді. Қазақстандықтар 25 қазаннан 27 қазанға дейін демалады.

Желтоқсан: Тәуелсіздік күні

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні сейсенбіге сәйкес келеді. Бұл айда да сенбі-жексенбі және мерекелік күндер қосылып, айтарлықтай ұзақ демалыс қарастырылған.

Жалпы демалыс күндері

Қазақстандықтар 2025 жылы сенбі, жексенбі және мерекелік күндерді қоса есептегенде, 119 күн демалады.