Қазақстанда тағы бір айыппұл пайда болды

Қазақстанда овербукинг – яғни, жолаушы билетті алдын ала сатып алса да, ұшаққа отырғызылмай қалатын жағдайларға қатысты жаңа ереже 2025 жылдан бастап күшіне енді.

Бұған дейін мұндай талаптар тек халықаралық рейстерге қолданылған еді. Енді жаңа өзгерістер ішкі рейстер үшін де толық күшіне енді.

Овербукинг мәселесі: мерекелік күндерде мыңдаған жолаушы ұша алмай қалды

Бас прокуратураның мәліметіне сәйкес, соңғы екі жылда оверукинг оқиғалары айтарлықтай көбейген. Әсіресе, танымал бағыттар мен мерекелік және демалыс күндері жолаушылардың ұшаққа отырғызылмау деректері жиілеген. Мұндай жағдайлар жиі дау-дамайға ұласқан.

Ішкі рейстер үшін жауапкершілік күшейтілді

Қазақстан Мәжілісі Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне өзгерістер енгізді. Енді ішкі бағыттағы рейстерде овербукингке жол берген әуе компаниялары айыппұл төлейтін болады.
Жаңа талап бойынша, ережені бұзған компанияға 50 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынады. Бұл 2025 жылғы есеппен – 196 600 теңге.

Бұған дейінгі жағдайлар: SCAT компаниясы мысалында

SCAT әуе компаниясы жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін айыппұлға тартылған болатын.
2025 жылғы 25 ақпанда Өскемен – Астана бағыты бойынша ұшатын рейс сегіз сағаттан аса кешігіп, жолаушыларға тиісті деңгейде қызмет көрсетілмеген. Әуе компания кешігу кезінде жолаушыларды қонақүйге орналастырмаған.

Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде, авиакомпания ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 567-бабының 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылып, 1000 АЕК немесе 3 932 000 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Қазақстанда жолаушы құқықтарын қорғау бағытындағы жаңа ережелер енді тек халықаралық емес, ішкі рейстерге де қатысты болады. Бұл өзгерістер авиабилеттер мәселесі кезінде жолаушылардың мүддесін қорғауға және авиакомпаниялардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.