Қазақстанда пойыз билеттерін сату ережелері өзгерді

Билеттер бұдан былай келесі тәртіппен сатылады, деп хабарлайды Qazaq.today.

Жолаушылар пойыздарына – пойыздың жөнелтілуіне кемінде 45 тәулік бұрын, және жөнелтуге 10 минут қалғанға дейін сатып алуға болады (бұрын – 45 тәуліктен 1 тәулікке дейін). Ұйымдастырылған жолаушылар топтарына бұл шектеу қолданылмайды.

Қала маңындағы пойыздарға – 10 тәуліктен бастап, пойыз жөнелтуге 10 минут қалғанға дейін (бұрын – 10 тәуліктен 1 тәулікке дейін). Билеттер жөнелтуден 45 тәулік бұрын Астана уақытымен таңғы 7:00-де, сатыла бастайды.

Жолаушы бір купенің 4 орнына дейін билет сатып алуына рұқсат етіледі.

Бұл өзгерістер ҚР Көлік министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 11 сәуірдегі бұйрығымен енгізілді.