Қазақстанда жыл басынан бері 1 триллионнан астам теңге зейнетақыға жұмсалды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.
Еңбекминінің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 1 трлн 44,3 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде:
- 337,6 млрд теңге – базалық зейнетақыға,
- 706,7 млрд теңге – ынтымақты зейнетақы төлемдеріне бағытталған.
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде 2,5 млн-ға жуық зейнеткер тіркелген.
Сол күнгі есеппен жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 622 теңгені құрады. Оның ішінде:
- ынтымақты зейнетақы – 95 963 теңге,
- базалық зейнетақы – 47 659 теңге болды.
Бұған дейін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:
- базалық зейнетақы 6,5%-ға,
- ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға өскені хабарланған еді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап базалық зейнетақыны кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
- базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін (32 360 теңге),
- ең жоғары мөлшері 110%-на дейін (50 851 теңге) жеткізілді.