Қазақстанда басқа планеталықтар ұшып жүр ме: Қорғаныс министрлігінің жауап берді

Қорғаныс министрлігі Қазақстан аумағындағы белгісіз ұшатын объектілер (НЛО) туралы сұраққа ресми жауап берді. Министрліктің мәлімдеуінше, әуе кеңістігі мұқият бақыланады, алайда НЛО тіркелмеген.

Әуе кеңістігіне мониторинг

Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанның әуе кеңістігін әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚҚ) күштері бақылауда ұстайды. Соңғы жылдары белгісіз ұшатын объектілер тіркелмеген.

«ӘШҚҚ күштері НЛО фактілерін анықтамаған. Сондай-ақ, басқа елдердің авиациялық ұшақтары әуе кеңістігін бұзған жағдайлар тіркелмеді», – делінген ведомствоның ресми жауабында.

Қауіпсіздік шаралары

Министрлік Қазақстанның әуе кеңістігін қорғау мақсатында бақылау және мониторинг жүйелері қолданылатынын атап өтті. Елдің шекарасын қорғау үшін көршілес мемлекеттер мен халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастық жүзеге асырылады.

Әлемдік контекст

Әлемде НЛО-ға қатысты деректер жиі талқыланып келеді. Мысалы, Пентагонның деректеріне сәйкес, 2023 жылғы 1 мамыр мен 2024 жылғы 1 маусым аралығында АҚШ-та 700-ден астам НЛО оқиғасы тіркелген. Бұл жағдайлар халықаралық деңгейде де назар аудартуда.

35