Фото: entergynewsroom.com
Қазгидромет 18, 19 және 20 наурызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Қазидромет болжамына сәйкес, республика аумағының басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады. Сол себепті ауа райық ашық болады. Қазақстанның кей жерлеріне тұман түседі.
«Еліміздің солтүстігінде түнде ауа температурасы -3°С-тан +5°С-қа дейін, күндіз +5°С-тан +16°С-қа дейін жылынады. Орталықта түнде -3°С-тан +5°С-қа дейін, күндіз +5°С-тан +20°С-қа дейін көтеріледі. Шығыста түнде -7°С-тан +5°С-қа дейін, күндіз +3°С-тан +16°С-қа дейін болады. Батыста түнде -5°С-тан +5°С-қа дейін төмендеп, күндіз +5°С-тан +18°С-қа дейін жылынады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде +5°С-тан +13°С-қа дейін, ал күндіз +22°С-тан +30°С-қа дейін көтеріледі», – делінген хабарламада.