2025 жылдан бастап Қазақстанда медициналық құжаттарды электронды түрде беру, тіркеу және басқару жүйесі іске қосылады. Бұл өзгеріс азаматтарға жеке медициналық анықтамалар алу процесін жеңілдетіп, қағазбастылықтан арылтуға бағытталған. Осы реформаның аясында Қазақстанда 28 түрлі анықтаманы алып тастау жоспарланып отыр.
Фото: Pixabay.com
Денсаулық сақтау министрлігі бұл қадамның артықшылығы ретінде азаматтардың қаржысын үнемдеуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Электронды анықтамалар жүйесі жалған медициналық мәліметтерді қолдануды болдырмайды. Мәселен, асхана, мейрамхана, балабақша, мектеп сияқты мекемелердің қызметкерлері денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді бұрмалаудан сақтандырылады.
Статистикаға сүйенсек, елімізде шамамен 1,6 миллион қазақстандықтың жұмысқа қабылданғаны туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары бар, оның ішінде:
- қоғамдық тамақтандыру саласында – 780 мың адам,
- білім беру саласында – 550 мың адам,
- денсаулық сақтау саласында – 272 мың адам,
- жеке секторда – 52 мың адам.
Бұл бастама цифрландырудың денсаулық сақтау саласына оң әсерін тигізетін тағы бір маңызды қадам болмақ. Бұған дейін де елімізде сегіз түрлі медициналық анықтама электронды форматта беріліп келе жатқан болатын. Ендігі жерде бұл үрдіс кеңейтіліп, азаматтардың өмірін жеңілдетуге бағытталған жүйе толығымен электронды түрде қызмет көрсете бастайды.