ҚТЖ-да жемқорлық фактілері анықталды. «ҚТЖ»ҰК» АҚ – «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» филиалы басшыларының заңсыз әрекеттері әшкереленді. Олар компанияда іс жүзінде жоқ, яғни «өлі жандарға» ақша аударып отырған, деп хабарлайды Qazaq.today.
Тексеру материалдары құқық қорғау органдарына берілді.
Осы фактіге қатысты Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Тергеу барысында 21 млн теңге шығын дәлелденді.
«Филиал басшысының тапсырмасы бойынша формальды жұмыспен қамтылған адамдар жеке тұрғын үй құрылысына қатысқаны анықталды. ҚТЖ жәбірленуші тарап деп танылды. Қазіргі уақытта іс материалдары Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралуда. ҚТЖ тергеуге толық көмек көрсетеді», — делінген хабарламада.