Синоптиктер жексенбі, 4 мамырда Астана мен Қазақстанның 17 облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысында түнде батыста, солтүстікте, күндіз солтүстікте, оңтүстікте, шығыста найзағай ойнайды. Батыста түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз солтүстікте, оңтүстікте және шығыста бұршақ жауады. Оңтүстіктен соғатын жел түнде солтүстік-батысқа ауысады, батыста және солтүстікте екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз 15-20 м/с, шығыста екпіні 23 м/с. Батыста өрт қаупі әлі де жоғары. Көкшетауда түнде және таңертең найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде найзағай ойнап, күндіз солтүстікте, шығыста және оңтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады – 15-20 м/с, солтүстікте және оңтүстікте екпіні 25 м/с. Петропавлда найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады – 15-20, екпіні 25 м/с.
Қостанай облысында түнде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыста және солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, солтүстікте және шығыста 15-20 м/с. Қостанайда түнде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Солтүстікте оңтүстік-шығыстан жел соғады, шығыста екпіні 15-20 м/с. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста өрт қаупі жоғары болады. Павлодарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында таңертең және күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні 15-18 м/с. Батыста және оңтүстікте өрт қаупі жоғары болады. Қарағандыда оңтүстік, таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз солтүстік-батысқа ауысады, солтүстікте екпіні 15 м/с. Шығыста және орталықта өрт қаупі жоғары болады. Жезқазғанда өрт қаупі жоғары болады.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз солтүстікте және оңтүстікте оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с. Солтүстік пен шығыста түнде 3 градус үсік жүреді. Солтүстік-батыста, оңтүстікте және Өскеменде өрт қаупі жоғары болады.
Абай облысында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, батыста, солтүстікте екпіні 15-18 м/с жетеді. Батыста түнде 2 градус үік жүреді. Солтүстік-батыста, оңтүстікте, облыс орталығында және Семейде өрт қаупі жоғары болады.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Батыста және солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, шығыста екпіні 15-20 м/с. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста өрт қаупі жоғары болады.
Атырау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Солтүстікте және шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Солтүстікте, оңтүстікте, шығыста және орталықта өрт қаупі жоғары болады.
Алматы облысының солтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары болады. Қонаев қаласында өрт қаупі жоғары.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл маңында екпіні 15-20 м/с болады. Батыста, солтүстікте және оңтүстік-шығыста өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Түркістан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с.
Жамбыл облысының солтүстігі мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Түнде солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыста және Тараз қаласында өрт қаупі жоғары болады.
Қызылордада және Қызылорда облысында жоғары өрт қаупі сақталады, шығыста өте жоғары өрт қаупі сақталады.