Қазақстанға жақын жерде жер сілкінді

Қазақстан шекарасына жақын жерде жерсілкінісі болды, деп хабарлайды Qazaq.today тілшісі.

«2024 жылғы 19 қазанда Астана уақыты бойынша 01:32-де ҚР ТЖМ «ҰСОСО» ЖШС сейсмикалық танциялар желісімен зілзала тіркелді. Зілзала ошағы Өзбекстан аумағында, Алматы қаласынан 669 шақырым оңтүстік-батыс бағытта орналасқан», – делінген зілзала туралы жедел хабарламада.

Қазақстан аумағында жер асты дүмпулері сезілген жоқ.

Өзбекстан ТЖМ Республикалық сейсмологиялық мониторинг орталығының мәліметінше, эпицентрі Ташкенттен 30 шақырым оңтүстік-шығыста орналасқан зілзаланың магнитудасы 3,6 болған. Жер асты дүмпулері Нурафшан мен оған жақын аудандарда 2 балл күшінде сезілді.

Еске сала кетейік, 17 қазанда Алматы тұрғындары екі баллдық жер сілкінісін сезген болатын.