Қазақ екенін қор санаған: 100 рет қажылыққа барған Аманкелді өзінің арабтармен теңескенін айтып мақтанды

Қажылық бизнестің шыңына шыққан Аманкелді Еренғайыпұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында шежіреге қатысты тың ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Qazaq.today.

Желіде жарияланған видеода араб ұлтының өкілі ресми құжатты оқып, Аманкелді қажының аталарының шежіресін жария етеді. Құжаттың мәтінін қазақ тіліне аудармашы жеткізіп отырады.

Аталған бейнежазбадан кейін дінтанушы Аманкелді Еренғайыпұлы бұл құжаттың маңыздылығын түсіндірді. Оның айтуынша, шежіре деректері бірнеше ғасырлық тарихты қамтиды:

«Біз Сейітқожа әулетіміз. 16 ғасырдан бергі шежіремізді таптық. Сонымен қатар 19 ғасырдағы қолжазба шежіре де біздің қолымызда. Осы құжаттарды Сауд Арабиясындағы «Пайғамбарлар әулеті» деген ұйымға жібердік. Олар шежіремізді зерттеп, пайғамбар ұрпағы екенімізді растап, ресми құжат табыстады», – деді Аманкелді қажы.

Аманкелді Еренғайыпұлының айтуынша, Сауд Арабиясындағы беделді діни ұйым қазақ жерінен шыққан шежірені мұқият сараптаудан өткізіп, нәтижесінде оны мойындаған. Бұл оқиға дінтанушы үшін ғана емес, бүкіл Сейітқожа әулеті үшін тарихи мәнге ие.

«Біздің дәрежеміз енді арабтармен тең. Олар шежіресімен мақтанады, енді біз де сол деңгейге жеттік», – деді ол.

Алайда желі қолданушылары Аманкелді Еренғайыптың бұл әрекетін қатаң сынға алды. «Қазақ болғанын қор санаған», «Арабты байытқан», «Қажылықты бизнес қылған» деген сынды небір ауыз сөздермен сынап жатыр

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Қажылық және Умра | Нұр-Қазақстан (@nurkazakhstan)