Аягөзде әскери қызметшінің қаза табуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Іс «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қаралып жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы, әділет полковнигі Тілеухан Басхожаев айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Аягөз гарнизонында болған жағдайға келетін болсақ, шақырту бойынша 2 жылға келген әскери қызметші. Офицер. 6 қыркүйек күні тізімге енді. Ол далалық жұмыстармен байланысты емес қаржы қызметіндегі лауазымда болды. Көшуіне байланысты барлық өтемақы төленді. Күні кеше ол әкесімен сөйлескен. Әскери қызметке байланысты шағым түсірмеген. Қазір қандай да бір болжам айта алмаймыз», — деді Тілеухан Басхожаев тілшілердің сауалына берген жауабында.

Бұл оқиға бойынша «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

7