«Аяғыңыз ауыр ма»: Айгүл Иманбаева көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді

Видеодан кадр: Instagram/aigul_imanbayeva 

Айгүл Иманбаева Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап ашып, оқырмандарымен тілдесті. Актриса бүгінде үйлену тойына дайындалып жүргенін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«2025 жылы үйлену тойы болады. Бірақ Қазақстанда жасамаймыз. Жолдасым екеуміз АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында тойлауды жоспарлап отырмыз», — деді ол.

Оған қоса желі қолданушыларының бірі өнер иесіне «Аяғыңыз ауыр ма?» деген сұрақ жолдады.

Иманбаева бұл сауалды да жауапсыз қалдырмады.

«Маған «Аяғың ауыр ма?» деген сұрақтар көптеп келіп жатыр. Босанғанша сіздерге айтпай-ақ қояйын. Міндетті түрде сіздерден сүйінші сұраймын», — деді актриса.

101