Азық-түлік корпорациясы жыл басынан бері 33 миллиард теңгеге жуық қаржыға 300 мың тоннадан астам астық сатқан. Құс және мал шаруашылықтары, қайта өңдеу кәсіпорындары дәстүрлі астықты сатып алушыға айналған. ҚР АШМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, астықтың жалпы көлемінің 80 мың тоннасы экспортқа жіберілген.
Жыл басынан бері Қытайға бидай, арпа және зығыр тұқымын жеткізу бойынша 11 экспорттық келісімшарт жасасқан. Азық-түлік корпорациясының ағымдағы резервтері ішкі және сыртқы нарықтағы сауда көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 1,2 миллион тонна астық қоры бар.
Азық-түлік корпорациясы көлемдерді сатудан түскен қаражатты несиелер бойынша пайыздарды өтеуге және жаңа өнімнен жыл сайынғы астық сатып алуға жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл астық пен жемшөптің тұрақты резервтік қорын қажетті көлемде жаңарту үшін қажет.