Автобуста әйелді ұрған жолаушы изолятордан бірақ шықты

Алматыда автобустағы жолаушы әйелді ұрған зейнеткер қамауға алынды. Енді ол екі жылға дейін сотталып кетуі мүмкін, деп хабарлайды Qazaq.today.

Алматы полициясы қоғамдық көлікте әйелді ұрған 66 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Белгілі болғандай, автобус жолаушылары арасындағы жанжал өткен күні орын алған.
Әйелдің дауысын қатты шығарып сөйлегеніне наразы болған жолаушы оның денесіне зақым келтірген.

«Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», — деді, Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Әбдумасаров.

Алматы қалалық полиция Департаменті заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету басты міндет болып қала беретінін баса айтады. Әрбір азамат заңдылық пен тәртіптің мүлтіксіз сақталатынына, кез келген заңсыз әрекеттерге тиісті құқықтық бағасын алатынына сенімді болуы керек.

Фото: видеодан скриншот