Фото: © TNV
Австралияның ең ірі қаласы Сиднейді су басты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Жергілікті метеорология қызметінің мәліметіне қарағанда, бір тәулікте шаһарда 171 миллиметр жауын-шашын түскен. Бұл бір айлық нормаға тең. Соның салдарынан үйлерге су кіріп, көшелер көлге айналды, деп жазады Хабар 24.
Қазір қалада көлік қозғалысы қиын. Мамандардың айтуынша, ауа райы қолайсыздығы Сиднейде апта соңына дейін сақталады. Жылдамдығы сағатына 125 шақырымға дейін жететін жел соғады. Осыған байланысты билік өкілдері тұрғындарға ескерту жасап, сапарға шығудан бас тартуға шақырып жатыр.