Рамазан айында ораза ұстаған мұсылмандар үшін ауыз бекітерде және ауыз ашқанда арнайы дұғаларды оқу сүннет болып саналады. Бұл дұғалар Алла Тағаладан сауап сұрап, өз ниетімізді бекітудің бір жолы.
Ауыз бекітерде оқылатын дұға
Арабша:
نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرٍ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى
Транскрипциясы:
«Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә. Уа би сауми ғадин науайту мин шахри рамадан».
Мағынасы:
«Таңертеннен кешке дейін Алланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім.»
Бұл дұғаны оқып, таза ниетпен оразаға бекіну керек.
Ауыз ашарда оқылатын дұға
Арабша:
اللهم لك صمت وبك آمنت وعليك توكلت وعلى رزقك أفطرت فاغفر لي ما قدمت وما أخرت
Транскрипциясы:
«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә‘аләйкә тәуәккәлту уә‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мә аххарту».
Мағынасы:
«Я, Аллам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күнінде де ауыз бекітуге ниет еттім. Менің өткен және келешек күнәларымды кешір гөр!»
Бұл дұға – ауызашар сәтінде оқылатын ең кең таралған дұғалардың бірі. Ораза ұстаушының Аллаға деген сенімін нығайтып, Оның мейіріміне үміт артуын білдіреді.
Тарауих намазының тәсбихы
Тарауих – Рамазан айында оқылатын сүннет намаз. Бұл намаздан кейін мынадай тәсбих дұғасы оқылады:
Арабша:
سُبْحَانَ ذِي المُلْكِ وَالْمَلَكوُتِ سُبْحَانَ ذِي العِزَّةِ وَالعَظَمَةِ وَالْقُدْرَةِ وَالْكِبْرِيَاءِ وَالجَبَروُتِ سُبْحَانَ اللَّهِ الْمَلِكِ الْحَيِّ الَّذِي لَا يَمُوتُ سُبُّوحٌ قُدُّوسٌ رَبُّنَا وَ رَبُّ الْمَلَائِكَةِ وَ الرُّوحِ لاَ إِلَهَ إِلاَّ الله نَسْتَغْفِرُالله نَسْأَلُكَ الْجَنَّةَ وَ نَعُوذُبِكَ مِنَ النَّارِ
Транскрипциясы:
«Субхаанә зил-мүлки уәл-мәләкүүт. Субханә зил-иззәтә уәл-азамәти уәл-құдрати уәл-кибрия-и уәл-жәбәруут. Субханәл-мәлики-хаййл-ләзи лә йәмуут. Суббуухун құддуусұн раббүна уә раббүл-мәләәикәти уәррууһ. Ләә иләәһә иллаллаһү нәстәғфирұллааһ нәсәлүкәл жәннәтә уә нә узү бикә минәннар».
Мағынасы:
«Патшалық және мүліктер иесі Алла пәк. Үстемдік, ұлылық, құдірет, үлкендік және өктемдік иесі Алла пәк. Өлмейтін (мәңгі) тірі (патшалардың) патшасы Алла пәк. Өте пәк, тым кіршіксіз Раббымыз, әрі періштелердің Раббы, әрі Жәбірейілдің Раббы. Алладан басқа ешбір Жаратушы жоқ. Алладан жарылқау тілеймін. Я, бір Алла! Сенен жәннат тілеймін және тозақ отынан сақта деп саған сыйынамын.»
Бұл дұға арқылы мұсылман баласы өз Жаратушысын ұлықтап, Оның алдында кешірім сұрап, жәннатқа кіруге үміттенеді.
***
Ораза ұстау – исламның негізгі бес парызының бірі. Бұл қасиетті айда ауыз бекітіп, Аллаға құлшылық ету – әрбір мұсылман үшін үлкен сауап. Ауыз бекіткенде және ашарда оқылатын дұғалар жүрек тазалығын, иман күшейтуін және Алланың мейірімін тілеуді білдіреді.
Тұтпақ болған оразаңыз қабыл болғай! Алла тағала ниетіңізге қарай сауаптан жазсын! Әмин!