«Ауыр және тұрақсыз»: Болат Назарбаевтың денсаулығына қатысты ауруха мәлімдеме жасады

Болат Назарбаевтың өмірі «ауыр және тұрақсыз» деген шындыққа жанаспайды. Аурухана өкілдері экс-президенттің  жағымсыз әркекеттерімен аты шыққан інісіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

«Бұл пациент қазір Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханада жатыр. Болат Назарбаевтың жағдайы туралы ақпаратты тек пациенттің туғандарының келісімін алған соң хабарлай аламыз. ҚР заңдарына сәйкес, ауруханада емделушілердің жеке басына және денсаулығына қатысты мәліметті тек пациенттің жақындарының рұқсатымен жариялауға құқылымыз», — делінген жауапта.

Медициналық мекеменің хабарлауынша, Назарбаев шынымен де ҚР ПІБ МО «ОКБ» АҚ-да жатыр, алайда пациенттің жағдайына қатысты жеке ақпаратты дәрігерлер жарияламады. Оның «ауыр және тұрақсыз» жағдайы шындыққа жанаспайды. Естеріңізге сала кетейік, 4 қарашада бірқатар қазақстандық БАҚ-та Болат Назарбаевты ауыр жағдайда шұғыл емдеуге жатқызу туралы ақпарат пайда тарады. Бұл реттете кейбір ақпарат көздері тергеуге қатысты оның кезекті қойлымы болуы мүмкін деген болжамды да жасады.