Ауыр атлетикадан әлем кубогына кімдер қатысады

Фото: Туризм және спорт министрлігі

31 наурыз бен 11 сәуір аралығында Пхукетте ауыр атлетикадан өтетін әлем кубогына Қазақстан құрамасынан кімдер қатысатыны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Аталған додаға Қазақстан құрамасынан 5 спортшы қатысады, деп жазады kaz.inform.kz.

Олар: 

45 келі: Айнұр Әбдіхалықова

55 келі: Ерназ Алпысов

59 келі: Дарья Балабюк

+87 келі: Айсамал Сансызбаева

109 келі: Мейрам Сұлтан

Айта кетейік, әлем кубогында жеңіске жеткен атлеттерге Париж Олимпиадасының жолдамасы үшін рейтингілік ұпайлар беріледі.