Ауыр атлетикадан әлем чемпионы болған қазақстандық спортшы суицид жасады

Ауыр атлетикадан Қазақстанның төрт дүркін чемпионы өз-өзіне қол жұмсады. 35 жастағы ауыр атлеттің денесі оның тұрғылықты жерінен табылған. 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қатысушысы, ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының төрт дүркін чемпионы Владимир Седов өз өмірін қиды, деп хабарлайды  Azattyq Ruhy  сілтеме жасаған  Qazaq Today  ақпараттық агенттігі.

«35 жастағы ауыр атлеттің денесі Қаратал ауданының Достық ауылында тұратын жерінен табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылықпен өлімнің сыртқы белгілері табылған жоқ. Туыстарының айғақтарына сәйкес, ер адам өз өмірін қиды. Қазіргі уақытта суицид фактісі бойынша ҚР ҚК 105-бабында көзделген «суицидке дейін жеткізу» сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық істі аудандық полиция басшылығы бақылауға алды», — делінген полиция хабарламасында.

Владимир Седов 1988 жылы 2 наурызда Үштөбеде дүниеге келген. Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, 2009 жылғы әлем чемпионы, 2009 және 2016 жылдардағы Азия чемпионы атағына ие. 2016 жылы Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында спортшыдан алынған екі допинг сынамасының теріс нәтижелері туралы хабарлады. Ал 2019 жылдың 4 желтоқсанында IWF 2008-2016 жылдар аралығында Қазақстандық ауыр атлет Владимир Седовтың барлық атақтарын ресми түрде жойды.