Бейнеу ауданында достарымен бірге серуенге шыққан 17 жастағы бала көз жұмды. Марқұмның ата-анасы жалғыз ұлдары жауыздардың қолынан қаза тапқанына сенімді. Өйткені жас балаларды ересектер ұрған, деп хабарлайды Qazaq.today.
Марқұмның достарының айтуынша, сол күні оларды ауылдың «старшактар» қатарға тұрғызып қойып соғыпты. Сол кезде Сағындық соққыны көтере алмай құлаған көрінеді. Достары оны дәрігерге апарған. Өкінішке қарай, дәрігерлер оның қайтыс болғанын айтқан.
Марқұмның туыстарының сөзінше, бозбаланың денесінен ұрып-соғу белгілеріне ұқсас дақтарды көріп, Ақтау қаласына сараптамаға әкелген.
Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы оқиға қатысы бар күдікті ұсталған.
– Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді. Оның соңы адам өліміне әкеп соқты деген дерекпен (ҚР ҚК 196-бабының 3-бөлігі) күдікті ұсталды, – делінген хабарламада.
Фото: Freepik