Бұл қайғылы оқиға Нигер халқына үлкен соққы болды.
Нигер Республикасының Фонбита ауылындағы мешітке жасалған лаңкестік шабуыл салдарынан 44 бейбіт тұрғын қаза тауып, 13 адам жараланғаны хабарланды. Бұл туралы Télé Sahel мемлекеттік телекомпаниясы мәлімдеді. Шабуыл кезінде мешітте намаз оқып отырған тұрғындар болған.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, бұл қылмысты Үлкен Сахара ислам мемлекетінің содырлары жасаған. Бұл топ Мали шекарасына жақын өңірлерде бұрыннан бері лаңкестік әрекеттер жүргізіп келеді.
Осыған байланысты Нигер билігі үш күндік ұлттық аза тұту жариялады. Ел басшылығы бұл ауыр қылмыс үшін кінәлілер жазасыз қалмайтынын айтып, лаңкестер мен олардың демеушілеріне қатысты қатаң шаралар қолданатынын мәлімдеді.
Ресми мәлімдемеде:
«Лаңкестер де, олардың демеушілері де тиісті жазасын алады» – деп айтылды.