qazaqtoday

Астанада медицина қызметкерлері бұрынғы басшысын сотқа берді

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорына «Аңсар медициналық компаниясы» ЖШС бұрынғы қызметкерлері хабарласты. Олар қордан еңбек құқықтарын қорғауды сұрайды. Дәрігер, мейірбике, санитар, барлығы 17 қызметкер бұрынғы жұмыс беруші Данияр Құдабеков «еңбек ақымызды жеп қойды» деп шағымданды. Оның кейбір қызметкерлер алдындағы қарызы 1 миллионға жетіп қалған. «Одан бөлек, 2023 жылдың мамыр айынан бері жұмыс беруші біздің зейнетақы…

Толық оқу

Назарбаевтың алдында Дычконы құлатқан боксшы тағы бір қазақ жігітімен жұдырықтасады

28 қыркүйек күні Бакуде қазақстандық спортшылардың қатысуымен кәсіпқой бокстан «IBA чемпиондарының түні» өтеді. Қазақстандық Нұрсұлтан Аманжолов 92 келіден жоғары салмақта әуесқойлар арасында әлемнің үш дүркін чемпоны әзербайжандық Магомедрасул Меджидовпен бокстасады. Сонымен қатар осы кардта 63,5 келіде Нұртас Әжбенов 6 раундтық айқаста ресейлік Габиль Мамедовпен шеберлік байқасады. Әжбенов осымен кәсіпқой бокстағы 15-айқасын өткізбек, соның 14-інде жеңіске…

Толық оқу

«Шетелге алғаш шығуым»: Қарақат Әбілдина 27 жыл бұрынғы естелікті бөлісті

Танымал әнші Қарақат Әбілдина алғаш рет шетелге шыққан сәтінен видео жариялады. Әншінің сөзінше, алғаш рет Бельгияның Брюссель қаласына барған. “Архивті ақтарып отырып, 1997 жылы ең алғаш шетелге гастрольдік сапармен шыққан кездегі видеоны тауып алдым. Консерваторияның екінші курс студентімін. Жасым 19 да. Бельгияның Брюссель қаласында халықаралық жәрмеңке өтетін болды. Қазақстаннан баратын делегация қатарына мәдениет өкілі, өнер көрсететін…

Толық оқу

WhatsApp-тан топ құрып, 3 миллиард теңеге алдаған: Маңғыстаулық әйелге қатысты сот үкімі шықты

Маңғыстаулық әйел WhatsApp топтар құрып, ондағыларда тұрмыстық техникаларды арзан бағада сататынын айтып, жарнамалаған. Төрт топты құрған әйел де, онда әкімші қылып тағайындаған танысы да алаяқтығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталды. Алайда прокурор қылмыскерлердің үкімін өзгертуді сұрады. Фото: pixabay.com Прокурор бірінші сатыдағы соттың айыпталушыларға қатысты қылмыстық кодекстің 262-бабы бойынша ақтау үкімін негізсіз деп таныды. Сондай-ақ сотталушылардың үкімін өзгертіп, жазасын…

Толық оқу

Қазақстанда Әскери медицина академиясы ашылмақ

Қорғаныс министрлігі Әскери медицина академиясын ашуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта ҚР Қарулы күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы бейінді жоғары оқу орнын құру жобасын дайындады, – деп хабарлайды Qazaq.today аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Қазіргі уақытта жоғары медициналық білім беру және әскери интернатура бағдарламалары бойынша әскери дәрігерлерді Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты базасында Марат Оспанов атындағы…

Толық оқу