
Сабаққа бара жатқан: Алматыда мопед мінген 15 жастағы оқушыны экскаватор басып өлтірді
Алматы қаласының Алатау ауданында 24 қазан күні жантүршігерлік жол апаты орын алды. Полиция департаменті қайғылы оқиғаны растады. Оқиға сағат 08:10 шамасында Алғабас ықшамауданындағы Доспанова көшесінде болған. 15 жастағы жасөспірім мопедпен солтүстік бағытта қозғалып келе жатып, қатар келе жатқан “Chevrolet” көлігімен соқтығысқан. Соққының күшімен мопед аударылып, оның жолаушысы – 15 жастағы жасөспірім жол жиегіне құлаған. Сол…