
Астанада 2 жүк көлігі соқтығысып, бір адам қайтыс болды (ВИДЕО)
Куәгерлер Пушкин көшесінде екі жүк көлігінің бетпе-бет соғысқанын айтады. Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы да тарады. Өндірістік аймақта тіркелген жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар бар делінеді. Астана қаласының полиция департаменті апаттан кейін екі жүк көлігінің кабинасы өртенгенін хабарлады. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр. Аталған учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектелген. Зардап…