
Қырғызстанда тағы да мемлекеттік төңкеріс бола жаздады
Қырғыз Республикасында мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындық жүргізген қылмыстық топ ұсталды. Елдің Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл топтың басында Қырғыз Республикасының Бас прокурорының бұрынғы орынбасары Курбан Адыл уулу тұрды. Олардың жоспары 2024 жылдың 17 қарашасында өтетін жергілікті кеңес сайлауы кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып, билікті күшпен басып алу болған. Ұсталған күдіктілер мен олардың әрекеттері Құқық қорғау органдарының…