
Серік Сәпиев жаңа қызметке келді
Белгілі спортшы, Қарағанды облысы Физикалық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев жаңа лауазымға тағайындалды. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлады. Серік Сәпиев өзінің Instagram парақшасында бұл қуанышты жаңалықпен бөлісті. Ол өз хабарламасында Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің Президенті болып сайланғанын мәлімдеді. Кеше өткен кезектен тыс конференция барысында Серік Сәпиев Комитеттің жаңа басшылық құрамын таныстырып, алдағы жоспарларды…