
«Нұрғанатты да, Шерзатты да, Қаржаубайды да ұрмадым»: Азамат Тоқтаубаев сотта жауап берді
16 жастағы Шерзат Полаттың қазасына себеп болған атышулы оқиғаға байланысты сот отырыстары Талдықорғанда жалғасып жатыр. Қылмыстық істегі басты фигуранттардың бірі — пробациялық бақылауда болған Азамат Тоқтаубаев. Ол сот барысында оқиға түніндегі оқиғаларды егжей-тегжейлі баяндап, өз әрекеттерін түсіндірді. Азаматтың айтуынша, ол туған ағасы Нұрбол Тоқтаубаевты ұрып кетті деп ойлап, қорыққаннан әрекет еткен. Сонымен қатар, ол Қаржаубай…