
Өскеменде пәтер саламыз деп 1,8 млрд жымқырғандар ұсталды
Қаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті құрылыс компаниясының топ менеджерлерінің заңсыз әрекетін тоқтатты. Олар көпқабатты тұрғын үй кешенін саламыз деген желеумен 1,8 млрд теңге жымқырған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Тергеу барысында Өскемен қаласында екі күдікті құрылысқа қатысуға арналған жалған келісімшарттар жасап, 102 азаматты алдағаны анықталды. Нәтижесінде құрылыс нысаны ұзақ құрылысқа айналды….