editor1

Белгілі футболшы еліміздің бес дүркін чемпионын жаттықтыратын болды

Фото: «Ертіс» футбол клубы «Ертіс» футбол клубына жаңа бапкер тағайындалды. Еліміздің бес дүркін чемпионы атанып, кейін түрлі қаржылай қиындыққа тірелген «Ертіс» футбол клубы биылғы маусымды бірінші лигадан бастайды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Былтыр «Ертіс» футбол клубы бірнеше жылдық үзілістен соң қаржылық жағдайын реттеп, екінші лигаға оралған еді. Маусым бойы қоржынға ұпай салуға мән…

Толық оқу

Елімізде 42 қаржы пирамидасы жойылып, алаяқтықты жарнамалайтын 15 мыңға жуық сайт бұғатталды

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Президентке ведомствоның 2024 жылы атқарған жұмысының негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде мәлімет берілді. Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Мемлекет басшысына 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспардың іс-шараларын жүзеге асыру көлеңкелі экономика деңгейін 1,3 пайызға төмендетуге мүмкіндік бергенін баяндады. Атап…

Толық оқу

Қандастарды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасы бекітілді

Қоныс аударушылардың басым бөлігі Солтүстік өңірлерге жіберіледі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасы 9 653 адам деп белгіленді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 170 адамға артық, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 2025 жылы өңірлік квота облыстар бойынша төмендегідей бөлінді: — қандастар үшін: Павлодар…

Толық оқу

Қытайда тағы бір жер сілкінісі тіркелді

Сәрсенбі күні Қытайдың солтүстік батысындағы Цинхай провинциясында 5,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Цинхайдағы жер сілкінісі 8 қаңтар күні Бейжің уақытымен 15:44-те болды. Жерасты дүмпулері Цинхай провинциясының Гуоло-Тибет автономиялық префектурасының Мадуо округінде тіркелді. Қытайдың сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 34,79 градус солтүстік ендікте, 97,51 градус шығыс бойлықта жатыр. Гипоцентр…

Толық оқу

Биыл қыркүйектен бастап колледждерді қаржыландыру екі есеге ұлғаяды

ҚР Үкіметінің отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және кәсіби мамандар даярлау бойынша қолға алынған шаралар туралы баяндады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.  Қазіргі уақытта бір студентті оқытуға бөлінетін қаражат орташа есеппен 437 мың теңге болса, 2025 жылдың қыркүйегінен бастап бұл көрсеткіш 912 мың теңгеге дейін ұлғаяды. Бұл норматив нақты нәтижелерге…

Толық оқу